Making sense of technology

umami

Новости технологий, бизнеса и цифровизации в Казахстане.

Все новости АйтарлықIT Казахстан технологии Цифровизация искусственный интеллект
[фото] umami

Umami қазақ мұрасынан шабыт алған балмұздақ ұсынды

14 апреля, 2025

Umami балмұздақ бренді Қазақстанның бай гастрономиялық дәстүрлеріне арналған жаңа дәмдертоптамасының шығарылғанын мақтанышпен хабарлайды. Бұл соңғы жылдары байқалған қазақ мәдениеті мен ұлттықбірегейлікке деген қызығушылықтың артуын, сондай-ақата-баба мұрасын қазіргі қалалық өмірде – музыка, сән жәнегастрономия арқылы қайта жаңғырту үрдісін көрсетеді. Жаңа дәмдер топтамасы дәстүрлі қазақстандықингредиенттерді заманауи үлгіде ұсынады. Идеялықшабыттандырушы және рецепттердің авторы – брендтің теңқұрылтайшысы, технолог әрі халықаралық деңгейдегіджелатерье Оксана Ким-Флайоск. Франция мен Италиядабілім алған Оксана гастрономия саласында мол тәжірибежинаған. «Маған оқиға желісін дәм арқылы жеткізу ұнайды, – депбөлісті Оксана. – Тек қарапайым десерттерді емес, әрингредиенті оркестрдегі аспап сияқты өз рөлін атқаратынкүрделі, көп қабатты композициялар жасауды ұнатамын. Тарихтан шабыт іздеп, классиканы құрмет пен интерпретациялап, өз авторлық көзқарасымды қосамын. Мысалы, тәтті мен тұздыны үйлестіріп, гастрономиялық үйлесімнің шыңына жетемін». Жаңа топтама үш ерекше дәмді қамтиды: «Кілегейлі Құрт» – құрттың тұзды дәмі мен сүтті негіздің үйлесімі, «Тары мен Талқан» – сүтті шай мен қуырылған тарының үйлесімі, «Балқаймақ пен Ірімшік» – балқаймақтың қышқылтым дәмімен ірімшіктің карамельді тәттілігі. Жаңа балмұздақ топтамасын әзірлеу барысында Umamiөзінің дәмнің мінсіз теңгерімі, жасанды қоспаларсыз таза ингредиенттерді қолдану және жергілікті шикізат жеткізушілерге басымдық беру сияқты қағидаттарына берікболды. Umami балмұздақ топтамасы дәстүрлі қазақ дәмдерініңзаманауи инновациялармен үйлесіп, ерекшегастрономиялық әсер сыйлай алатынының жарқын мысалыболып табылады. «Біз командамен бірге тұтынушыларға жай өнім емес, дәмарқылы шынайы саяхат ұсына алатынымызды мақтанетеміз. Әркім заманауи десертке айналған дәстүрлерарқылы Қазақстанмен байланысты сезінсе, оны жаңақырынан тани алса дейміз. Бұл балмұздақ – мәдениеттісақтай отырып, жаңашылдыққа ашық болудың және танысдәмдермен тәжірибе жасаудың символы», – деп атап өттіUmami брендінің тең құрылтайшысы Ксения Шенцова.…