Новости технологий, бизнеса и цифровизации в Казахстане.
Күнделікті тапсырмалар, әлеуметтік желілер жәнесыртқы факторлар жұмысқа толықтай шоғырлануғакедергі келтіріп жатады. Осы мәселенің шешімі ретінде уақытты тиімді басқарып, түрлі техникаларды қолдануды ұсынған едік. Бүгін солардың біріне толығырақ тоқталамыз. Pomodoro техникасы жұмыстыуақыт блоктарына бөлу арқылы өнімділікті арттыруға көмектеседі. Pomodoro әдісі дегеніміз не? Pomodoro техникасы 1980-жылдары Франческо Чириллоатты италиялық студент тарапынан ойлап табылған. Олоқуға жақсырақ шоғырлану үшін уақытты 25 минуттық жұмыс және 5 минуттық үзіліс кезеңдеріне бөлуді ұсынған. Pomodoro (итальянша «қызанақ») атауы Чириллоның асүйдегі қызанақ пішінді таймерді қолданғанынан шыққан. Осылайша, мидың шаршамай, ұзақ уақыт бойы тиімдіжұмыс істеуіне мүмкіндік туады. Pomodoro әдісі қалай жұмыс істейді? Франческо Чирилло уақыт шектеулі деп санайды. Оны ешкім тоқтата немесе көбейте алмайды, сондықтан адамзатуақыттан қорқады. Біздің миымыз жұмысты толықтай атқаруымыз үшін көбірек жұмыс жасап, демалыссыз әрекететуге итермелейді. Бірақ бұл әдіс адамды тез шаршатады, жалықтырады, үлгермей жатсақ көңіліміз қалып, өзімізді кінәлі сезінеміз, өзімізді жазғыра бастаймыз. Сидней университетінің ғалымдары жүргізген зерттеуге сай тапсырмалар арасында демалыс алу шаршауды азайтадыжәне энергияны арттырады. Эксперимент үшін ғалымдар 72 студентті таңдап, екі топқа бөлді. Бірінші топ математикадан жаңа тақырыпты 50 минут үзіліссіз оқыды. Екінші топ 25 минут жұмыс істейді, содан кейін 5 минуттық үзіліс жасап, әртүрлі бейнематериалдар қарайды. Соңында екі топ бақылау жұмысын жасайды. Зерттеу нәтижелері екінші топтың тапсырманы 40% жақсырақ орындағанын көрсеткен. Зерттеу авторларының бірі Пол Джиннстің айтуынша, эксперимент pomodoro әдісітапсырмаларды жақсырақ орындауға көмектесетінін көрсеткен. Кім қолдана алады? Pomodoro әдісі сізге сәйкес келіп-келмейтінін түсіну үшін Франческо Чирилло мынаны еске түсіруді ұсынады: …