Making sense of technology

оқушы

Новости технологий, бизнеса и цифровизации в Казахстане.

Все Кибербезопасность Финтех AI Гейминг Госсектор
АйтарлықITмектепоқушы

Қазақстандық оқушылар оқу-ағарту министріне тікелей хабарласа алады

27 мамыр мен 1 маусым аралығында елімізде «Министрге хат» акциясы өтуде. Бұл бастама «Қазақстан балалары» онкүндігі аясында өткізіліп, мектеп оқушыларына өз ой-пікірлерін білдіру, ұсыныс айту немесе сұрақ жолдау арқылы естілу мүмкіндігін береді.…

27 мая, 2025 · 1 мин чтения
АйтарлықITоқушыстуденты

«Мансап компасы» атты жаңа платформа оқушыларға мамандық таңдауға және қосымша жұмыс табуға көмектеседі

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жазғы жұмысқа орналастыру және кәсіби бағдарлау мақсатында мектеп оқушыларын тартуға арналған цифрлық шешімдерді дамытуда. Бұл туралы министр Светлана Жақыпова Үкімет отырысында мәлімдеді. Инициатива аясында мектеп…

20 мая, 2025 · 1 мин чтения
АйтарлықITжасанды интеллектоқушы

Қазақстанда оқушыларға арналған алғашқы тегін жасанды интеллект репетиторы іске қосылды

Қазақстанда мектепемтихандары қарсаңында, ауқымды білім беру жобасы іске қосылды — мектеп оқушыларынаарналған, алғашқы жасанды интеллект (ЖИ) негізіндегі тегін репетитор. Жасанды интеллект технологиясына негізделген бұл жаңа цифрлық құрал, әрбір оқушыға тұратын мекенжайы мен отбасының қаржылық жағдайына қарамастан, сапалы білім ресурстарына қол жеткізуге бірегей мүмкіндік береді. ЖИ-репетитор, елдегі ең ірі білім беру платформаларының бірі — Testter.kz сайтында орналастырылған. Қазіргі уақытта бұл платформада республика бойынша 2000-нан астам мектептен, 1,5 миллионнан астам пайдаланушы тіркелген. Жоба оқушылар, ата-аналар мен мұғалімдер тарапынан көптеген оң, жақсы пікірлерге ие болды. ЖИ-репетитордың мүмкіндіктері: • Оқушылардың сұрақтарына еркін түрде жауапберу; • Күрделі тақырыптарды қарапайым жәнетүсінікті тілмен түсіндіру; • Нақтылау сұрақтарын қою; • Жеке тапсырмалар ұсыну; • Білімдегі проблемаларды анықтау; • ҰБТ, олимпиадалар және халықаралықемтихандарға — PISA, TIMSS, ICILS және т.б.дайындалуға көмектесу. Қалай жұмыс істейді: Алдымен Testter.kz сайтында тіркеуден өту қажет, содан кейін «ЖИ-репетитор» бөлімін, пән мен оқыту тілін таңдап, сұрақ қою керек. Жүйе оқушының білім деңгейінебейімделіп, жеке түсініктемелер мен тапсырмаларұсынады. Мысалы, егер бала математикаданқиналса, ол қосымша түсіндіру мен есептер алады. Әдебиет бойынша – шығарманы талдау жәненегізгі ойды түсіндіру мүмкіндігі беріледі. «ЖИ-репетитор жобасы үнемі дамуда. Біз оқушылардың сұраныстары мен жүйенің жұмысын талдай отырып, жауаптардың дәлдігі мен тиімділігін арттырудамыз. Бұл — баршаға қолжетімді қылып, білімге қосқан үлесіміз», — деді Testter.kz платформасының негізін қалаушы Андрей Дупик. ЖИ-репетитор мұғалімді алмастырмайды, бірақ мектептегі оқуды едәуір толықтырады, мұғалімдерге жүктемені азайтып, оқушыларға күрделі тақырыптарды өз бетінше меңгеруге мүмкіндік береді. Оқушылар санының артуы мен білікті педагогтердің жетіспеушілігі жағдайында,бұл технология арқылы, білім беру жүйесінің басты…

18 апреля, 2025 · 3 мин чтения
inDriveАйтарлықITоқушы

Оқушылар inDrive-тың білім беру бағдарламасында көшбасшылық пен IT дағдыларын дамытады

24-29 наурыз аралығында Алматыдағы «Ақ-Бұлақ» тау курортында «Beginit: Leadership for Social Justice» бағдарламасының жартылай финалы (bootcamp) өтіп жатыр. Қазақстанның 10 өңірінен және Қырғызстанның Шу облысынан келген 70 талантты оқушы әлеуметтік көшбасшылық дағдыларын…

27 марта, 2025 · 3 мин чтения
АйтарлықITойыноқушы

Абай облысының оқушысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы ойын әзірледі

Жезкент лицей-мектебінің 9-сынып оқушысы, Бородулиха ауданының тұрғыны Нұралы Амангелді «Параға сатылмайтын Алпамыс» атты компьютерлік ойын жасап шығарды. Бұл ойын мектеп оқушыларына сыбайлас жемқорлықтың зиянын түсінуге және оны қабылдамау мәдениетін қалыптастыруға көмектеседі. Ойын…

26 ноября, 2024 · 1 мин чтения