Making sense of technology

мәдениет

Новости технологий, бизнеса и цифровизации в Казахстане.

Все Кибербезопасность Финтех AI Гейминг Госсектор
АйтарлықITмәдениетСтартап

Отандық стартап Beneteria жаңа корпоративтік мәдениет қалыптастыру жолында

Бүгінде күллі әлем жасанды интеллектке ұмтылып жатқанда, кез келген бизнес үшінбасты бәсекелік артықшылық — адами капитал болып қала бермек. AstanaHub резиденттерінің бірі — қазақстандық Beneteria стартапы осыны нақты іспен дәлелдеп отыр. Команда отандық компания қызметкерлерінің жеңілдіктер мен мотивацияға қатысты қалауларын зерттеген алғашқы талдауды жасап шықты. Beneteria жинаған аналитикаға сәйкес, қызметкерлердің 74%-ы әлеуметтік пакетті жеке қажеттіліктерге сай етіп бейімдегенін қалайды. Олар үшін барлығына ортақ тегін спортзал емес, спортты, онлайн-курстарды, психологты немесе балабақшаны өз еркімен таңдау мүмкіндігі маңызды. Сонымен қатар, HR-менеджерлердің жартысы қаржылық емес мотивацияға, яғни икемділікке, білімге және менталдық денсаулыққа деген қызығушылықтың артқанын атап өтті. Соған қарамастан, компаниялардың 60%-дан астамы әлі де стандартты, бәріне ортақ әлеуметтік пакетпен шектеліп отыр. Бұл өз кезегінде қызметкерлерді шабыттандырмайды, керісінше, немқұрайлылық туғызады екен. Beneteria идеясы 2024 жылдың соңында пайда болған. Стартап компанияларға технологиялық платформа ұсынып, онда жұмыс берушілер қызметкерлерге арналған әлеуметтік пакеттідер бестендіріп құрастыра алады. Атап айтқанда, жеңілдіктер маркетплейсі, жеңілдіктер каталогы…

3 июля, 2025 · 4 мин чтения