Келіссөздерді қалай жүргізу керек?
Келіссөздер бизнестің ажырамас бөлігі. Компанияның иесімен топ-менеджерлері серіктестермен жәнеинвесторлармен, ал сату менеджерлері клиенттермен үнемібайланыс орнатады. Бір жағынан, әркім мәміленің өзпайдасына шешілгенін қалайды. Екінші жағынан, қатысушылар еш қысымсыз, зиянсыз, одан әріынтымақтастықты ескере отырып келіссөздер жүргізугетырысады. Мақалада тепе-теңдікті қалай сақтау керектігінжәне клиенттермен, серіктестермен және инвесторларменсәтті келіссөздер жүргізу туралы кеңестер береміз. Келіссөздердің не қажеті бар Сіз нарықта сауда жасағанда, клиентке көп сауда жасағаныүшін жеңілдік ұсынғанда немесе келесі жылға кеңсеніжалға алу құнын талқылағанда келіссөздер жүргізесіз. Мұндай қарым-қатынаста әр тарап өз мүдделерін көздейдіжәне ортақ нәтижеге жетуге тырысады. Келіссөздердіңбасты мақсаты — мәселені тиімді шарттармен шешу. Келіссөз стратегиялары және дұрыс қолдану Келіссөздер стратегиясы — бұл тараптар әзірлеген, мәселелерді талқылау кезінде ұстанатын іс-қимыл жоспары. Барлық қатысушылардың өз мақсаты болғандықтан, жоспарлары да әртүрлі болады. Win–Lose стратегиясы («Жеңіс–Жеңіліс») Стратегияның мәні-мақсатқа жету. Бұл тәсілде қатысушысұхбаттасушыны серіктес емес, қарсылас ретінде көреді, сондықтан келіссөздер қиын. Әр тарап қорғануға жәнешабуыл жасауға мәжбүр. Бұл адамды тез шаршатады да қарсылас жеңіледі. Ал бір жақтың жеңілісі ешкімге пайдаәкелмейді. Lose–Win Стратегиясы («Жеңіліс–Жеңіс») Бір тарап екінші тарапты жеңу үшін саналы түрдежеңілдіктер жасайды. Егер сізге байланыс орнату, ынтымақтастық перспективасын сақтау маңызды болса, пайда мен мүддені ескермеуге болатын болса, осы тәсілдіқолданыңыз. Lose–Lose Стратегиясы («Жеңіліс–Жеңіліс») Бұл стратегия бойынша келіссөздер нәтижесінде екі тарапта жеңіліске ұшырайды. Кейде бір тарап өз мақсаттарынажету үшін өзара жеңілісті туындатады. Яғни қазір мақсатқажете алмайтынын және келісімге келуге дайын емес екенінтүсінген тарап мәміледен бас тартады. Win–Win Стратегиясы («Жеңіс–Жеңіс») Келіссөздерге осындай көзқараспен келгендердің бәріжеңімпаз, сондықтан Win–Win ынтымақтастықстратегиясы деп те аталады. Тараптар өз мүдделерінқұрбан етпей, барлығына қолайлы жағдай табады. Келіссөздер барысында қатысушылар бір-бірінің пікірінтыңдап, қарсыластың мүдделері мен мақсаттарынақұрметпен қарайды. Дәл осындай келіссөздер ең дұрысыдеп саналады. Егер сіз серіктестермен ұзақ мерзімді қарым–қатынастыкүтсеңіз және компанияның беделіне мән берсеңіз, Win-Winстратегиясы оңтайлы болады. Серіктестермен қалай келіссөздер жүргізуге болады Серіктестермен тиімді келіссөздер жүргізу үшін Win–Winынтымақтастық стратегиясын таңдаңыз және келесікеңестерді есте сақтаңыз: Болашақ серіктес туралы ақпарат жинаңыз Оны адам және кәсіпкер ретінде тануға тырысыңыз. Ол үшін әлеуметтік желілердегі жеке аккаунттарды қараңыз, сұхбаттарды оқыңыз, кәсіпкер әріптестермен сөйлесіңіз. Оның кіммен жұмыс істегенін, бизнеске қалай қарайтынынжәне қандай принциптерді ұстанатынын анықтаңыз. Сіз жинайтын…