Making sense of technology

АйтарлықIT

Новости технологий, бизнеса и цифровизации в Казахстане.

Все новости АйтарлықIT Казахстан технологии Цифровизация искусственный интеллект
[фото] TikTok

Қазақстандық мұғалім TikTok-тың әлемдік креаторлар тізіміне енді

24 февраля, 2025

Қазақстандық орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғаліміБотагөз Омарова TikTok-тан Discover List 2025-ке кіре отырып, халықаралық деңгейде танылды. Discover list — бұл АҚШ-тан Австралияға дейінгі, Жапониядан Оңтүстік Африкаға дейінгі дүниежүзібойынша TikTok пен оның қауымдастығынаайтарлықтай әсер еткен платформаның көрнекті50 креаторының тізімі.  Discover List — бұл көрермендерді шабыттандырып, трендтерді қалыптастыратын планетаның түкпір-түкпіріндегі көрнекті мазмұн авторларын атап өтугеарналған арнайы TikTok жобасы. 2025 жылы тізімге бес тақырып санатындағы креаторлар енді: • Оқытушылар (Educators) – қолданушылардыоқытып, шабыт беретін авторлар. • Гурмандар (Foodies) – бірегей кулинарлық мазмұнжасайтын креаторлар.• Иконалар (Icons) – трендтер мен сандық мәдениеткөшбасшылары. • Инноваторлар (Innovators) – форматтар мен мазмұнмен тәжірибе жасайтын авторлар. • Музыканттар (Originators) – вирустық трендтерді, дыбыстарды және мемдерді жасаушылар. Жетісу облысы Алакөл ауданы Достық кентіненшыққан орыс тілі мұғалімі Ботагөз Омарова@botagozomarova2 платформадағы білім беру мазмұнына қосқан үлесі үшін «Оқытушылар» санатында атап өтілді. Тәжірибесі бар мұғалім пән оқытуды уақыт өткізу мен ой-өрісті кеңейтудің жағымды тәсіліне айналдырып, TikTok-та танымал мазмұн авторына айналды. Оныңконтентінде харизмалық ұсыну, әзіл жәнебейстандартты оқыту тәсілдері біріктірілген, бұлмиллиондаған TikTok пайдаланушылары үшін орыстілін үйренуді қолжетімді әрі қызықты етеді. Шығармашылық форматының арқасында оныңсабақтары мектеп оқушыларымен қатар білімінжетілдіргісі келетін ересектерге де ұнайды. Ботагөзбен бірге бұл санатқа Польша, Австралия, АҚШ, Сауд Арабиясы, Кения және Ұлыбританияданбілім беру контентінің 9 авторы кірді. «Мен әрдайым оқу мен тіл үйрену ережелерді құрғақжаттау ғана емес, қызықты процесс екенінкөрсеткім келетін. Tik…

[фото] АйтарлықIT

Қазақстандықтарға ойындар түрінде криптомайнер жұқтырылды

21 февраля, 2025

Kaspersky GReAT («Касперский зертханасы» жаһандық қауіп-қатерді зерттеу және талдау орталығы) командасы шабуылдаушылар торрент-трекерлерге ДК ойындарының тегін нұсқалары ретінде таратылғанын анықтады, Трояндықтар жұқтырған құрылғыларға XMRig майнерінің модификацияланған…

[фото] pamodoro

Pomodoro техникасы: Өнімділікті арттырудың қарапайым әдісі

21 февраля, 2025

Күнделікті тапсырмалар, әлеуметтік желілер жәнесыртқы факторлар жұмысқа толықтай шоғырлануғакедергі келтіріп жатады. Осы мәселенің шешімі ретінде уақытты тиімді басқарып, түрлі техникаларды қолдануды ұсынған едік. Бүгін солардың біріне толығырақ тоқталамыз. Pomodoro техникасы жұмыстыуақыт блоктарына бөлу арқылы өнімділікті арттыруға көмектеседі. Pomodoro әдісі дегеніміз не? Pomodoro техникасы 1980-жылдары Франческо Чириллоатты италиялық студент тарапынан ойлап табылған. Олоқуға жақсырақ шоғырлану үшін уақытты 25 минуттық жұмыс және 5 минуттық үзіліс кезеңдеріне бөлуді ұсынған. Pomodoro (итальянша «қызанақ») атауы Чириллоның асүйдегі қызанақ пішінді таймерді қолданғанынан шыққан. Осылайша, мидың шаршамай, ұзақ уақыт бойы тиімдіжұмыс істеуіне мүмкіндік туады. Pomodoro әдісі қалай жұмыс істейді? Франческо Чирилло уақыт шектеулі деп санайды. Оны ешкім тоқтата немесе көбейте алмайды, сондықтан адамзатуақыттан қорқады. Біздің миымыз жұмысты толықтай атқаруымыз үшін көбірек жұмыс жасап, демалыссыз әрекететуге итермелейді. Бірақ бұл әдіс адамды тез шаршатады, жалықтырады, үлгермей жатсақ көңіліміз қалып, өзімізді кінәлі сезінеміз, өзімізді жазғыра бастаймыз.  Сидней университетінің ғалымдары жүргізген зерттеуге сай тапсырмалар арасында демалыс алу шаршауды азайтадыжәне энергияны арттырады. Эксперимент үшін ғалымдар 72 студентті таңдап, екі топқа бөлді. Бірінші топ математикадан жаңа тақырыпты 50 минут үзіліссіз оқыды. Екінші топ  25 минут жұмыс істейді, содан кейін 5 минуттық үзіліс жасап, әртүрлі бейнематериалдар қарайды. Соңында екі топ бақылау жұмысын жасайды.  Зерттеу нәтижелері екінші топтың тапсырманы 40% жақсырақ орындағанын көрсеткен. Зерттеу авторларының бірі Пол Джиннстің айтуынша, эксперимент pomodoro әдісітапсырмаларды жақсырақ орындауға көмектесетінін көрсеткен.  Кім…

[фото] АйтарлықIT

2025 жылы цифрлық көшпенділер үшін ең үздік елдер

21 февраля, 2025

VisaGuide.World путеводителі қашықтан жұмыс істеуге ең қолайлы елдердің жаңа рейтингін жариялады. Биыл тізімге 55 ел мен аумақ кірді – бұл өткен жылмен салыстырғанда 17-ге көп. Бағалау…

[фото] АйтарлықIT

Қазақстанда өнеркәсіптік қауіпсіздікті бақылауға арналған цифрлық жүйе құрылады

21 февраля, 2025

Президент тапсырмасы бойынша қауіпті өндірістердегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары күшейтіледі. Премьер-министр Олжас Бектенов жұмыс кеңесін өткізіп, өнеркәсіптік қауіпсіздікті цифрландырудың жаңа тәсілдерін қарастырды. Төтенше жағдайлар, өнеркәсіп, құрылыс,…

[фото] АйтарлықIT

Game of Drones: қазақстандықтар нақты техникамен басқарылатын әлемдегі алғашқы ойынды іске қосты

21 февраля, 2025

Қазақстандық Game of Drones стартабы интернет арқылы әлемнің түкпір-түкпірінен шын дрондарды басқаруға мүмкіндік беретін бірегей киберспорттық онлайн-ойынды ұсынды. Бета-тестілеуге 23 елден 10 000 ойыншы қатысса, бүгінде жоба жаңа…

1 78 79 80 81 82 136