Бүгінгі еңбек нарығы үміткерлерді тек диплом бойынша емес, нақты дағдылары мен нәтижелері арқылы бағалайды. Ресми білім маңызды болғанымен, шешуші рөлді практикалық тәжірибе атқарады. Қазақстандық жұмыс берушілердің skill-based тәсілге қаншалықты бейімделгенін анықтау үшін hh.kz платформасы түрлі салалардан 150-ден астам компания өкілдері арасында сауалнама жүргізді.
Үміткердің тәжірибесі мен дағдылары оның академиялық біліміне қарағанда маңызды бола ала ма?
(бірнеше жауап)
• Барлығы лауазымға байланысты — 54%
• Тәжірибе әрдайым формалды білімнен маңызды — 47%
• Тек техникалық немесе креативті мамандықтарда ғана — 14%
• Диплом әлі де негізгі критерий болып қала береді — 4%
Қорытынды:Жұмыс берушілердің басым бөлігі (54%) үшін басымдық лауазымға байланысты: кей жағдайда тәжірибе, кей жағдайда теория маңызды. Тағы 47% тәжірибе формалды білімнен маңыздырақ деп санайды. Бар болғаны 14% мұны тек техникалық және шығармашылық салаларға тән деп есептейді, ал 4% әлі де дипломды үміткерді бағалаудың басты негізі деп көреді.
Дипломы жоқ, бірақ курстан өткен мамандарға жұмыс берушілер қалай қарайды?
(бірнеше жауап)
• Егер курс беделді болса, жұмысқа алу үшін жеткілікті — 34%
• Бастапқы деңгейдегі лауазымдарға жарамды нұсқа — 31%
• Курстар дипломды толықтыра алады, бірақ алмастыра алмайды — 29%
• Мұны жоғары білімге тең деп санаймын — 21%
• Тек IT және digital салаларына жарамды — 21%
• Дипломсыз үміткерлерді қарастырмаймын — 2%
Қорытынды:Альтернативті білім беруге көзқарас барған сайын оң бағытта дамуда: жұмыс берушілердің 34%-ы танылған курстардан өткен үміткерлерді жұмысқа алуға дайын. 31% мұны бастапқы позициялар үшін жақсы мүмкіндік деп есептейді. 29% курстарды қосымша білім ретінде көреді, бірақ дипломның орнын баса алмайды деп санайды. Тек 2% ғана дипломды міндетті талап ретінде қалдырған.
Компаниялар үміткердің дағдыларын қалай бағалайды?
(бірнеше жауап)
• Басшымен әңгімелесу — 69%
• Нақты жұмыс жағдайына арналған кейс — 46%
• Тестілік тапсырма — 36%
• Дағдыларды тек түйіндеме бойынша бағалау — 9%
• Автоматтандырылған құралдар — 4%
• Басқа — 1%
Қорытынды:69% жұмыс беруші дағдыларды тікелей басшымен әңгімелесу арқылы тексереді. 46% нақты кейстерді қолданады, ал 36% тестілік тапсырмалар береді. 9% үміткерді тек түйіндеме бойынша бағаласа, заманауи автоматтандырылған құралдарды бар болғаны 4% пайдаланады.
Болашақта дипломның маңызы төмендей ме?
(бірнеше жауап)
• Ішінара, тек кей мамандықтарда — 62%
• Барлығы компания мен оның мәдениетіне байланысты — 32%
• Иә, нарық skill-based бағалау бағытына бет алды — 23%
• Диплом маңызды сүзгі ретінде қалады — 19%
• Білімнің рөлі қазірдің өзінде азайған — 5%
• Жауап беруге қиналамын — 3%
Қорытынды:62% жұмыс беруші дипломның рөлі тек кей салаларда төмендейді деп санайды. 32% бұл факторды компания мәдениетіне байланыстырады. 23% еңбек нарығы біртіндеп skill-based тәсілге көшіп жатқанын айтады, ал 19% дипломды әлі де негізгі сүзгі деп қабылдайды.
Жұмыс берушілер кімге басымдық береді: тәжірибесі бар үміткерге ме, әлде дипломы бар маманға ма?
• Мотивация мен әлеует бірдей болса, екеуін де қарастырамын — 38%
• Нақты нәтижесі бар үміткерді таңдаймын — 36%
• Әр жағдайды жеке бағалаймын — 18%
• Курстар мен кейстерге сүйенген үміткерді — 5%
• Теориялық база қажет болса, дипломы бар үміткерді — 3%
Қорытынды:Жұмыс берушілердің 38%-ы мотивациясы тең үміткерлердің екеуін де қарастырады, ал 36% нақты нәтижелерге сүйенеді. Бар болғаны 3% ғана дипломды шешуші фактор деп санайды. Бұл тәжірибенің құндылығы өсіп, іріктеу тәсілі барған сайын жеке сипат алатынын көрсетеді.
Жалпы қорытынды
hh.kz сауалнамасы көрсеткендей, қазақстандық жұмыс берушілер skill-based тәсілге сенімді қадаммен бет алды. 54% үшін үміткерді таңдау нақты лауазымға байланысты, ал 47% тәжірибені формалды білімнен жоғары қояды (сауалнамада бірнеше жауап нұсқасына рұқсат берілді). 69% компания үміткердің дағдыларын практикалық сұхбаттар мен нақты кейстер арқылы бағалайды. 62% диплом тек кей салаларда маңызды болып қалады деп есептейді, бірақ жалпы тренд айқын — басты назар тәжірибеге, бейімделгіштікке және нақты нәтижелерге ауысуда.