«Кселл» акционерлерінің құрамына өзгеріс енгізілді. Бұл туралы 12 қыркүйекте ұялы байланыстың операторы хабарлады. Онда Ғалымжан Есеновтың орнына KC Holding Ltd жеке компаниясы келгені айтылған.
Қазір Kcell акционерлерінің құрамы келесідей: 51% — Қазақтелеком, 14,87% — KC HOLDING LTD жеке компания, 9,08% — Jusan Bank, 7,07% — БЖЗҚ. Компания акцияларының шамамен 18%-ы еркін айналымда.