Қазақстан Үкіметі 2025–2029 жылдарға арналған киберспортты дамыту тұжырымдамасын ресми түрде бекітті. Құжат киберспортты білім беру жүйесіне ауқымды интеграциялауды, инфрақұрылымды дамытуды және мемлекет пен бизнестің қатысуымен кәсіби экожүйе құруды көздейді.
Тұжырымдаманың негізгі мақсаттары:
● өңірлік, студенттік және мектеп лигаларын құру;
● әр өңірде киберспорт академияларын ашу;
● республикалық және халықаралық турнирлер өткізу;
● инфрақұрылымды дамыту — ареналар, студиялар, клубтар;
● жоғары оқу орындарының бағдарламаларына киберспорт курстарын (minor) енгізу;
● турнирлер мен оқыту процесіне жасанды интеллект пен VR енгізу;
● ойыншылар мен жаттықтырушыларға спорттық атақтар мен біліктілік беру;
● мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті және инвестиция тартуды күшейту.
2026 жылға қарай елдегі киберспорт аудиториясы 5 миллионнан асады деп күтілуде. Қазақстан халықаралық аренаға шығып, халықаралық турнирлер өткізіп, цифрлық спорттық туризмді дамытуды және жастар арасында киберспортқа тұрақты қызығушылық қалыптастыруды жоспарлап отыр.
Жұмыс бағыттары:
2029 жылға қарай Қазақстанда:
● киберклубтар санын 8-ден 10-ға дейін арттыру;
● 4,8 миллионға дейін қатысушылар мен көрермендерді қамту;
● қазақстандық командалардың халықаралық турнирлерге (Dota 2, CS 2, PUBG, E-football) қатысуын кеңейту;
● киберспорт туралы медиадағы жарияланымдар мен контент көлемін 40%-ға жеткізу жоспарлануда.
Para valorar equipación de portero con criterios claros, es recomendable revisar la diferencia entre una camiseta de portero y una de jugador de campo. La decisión queda mejor respaldada al comprobar la guía de tallas y el espacio previsto para capas.
Тұжырымдаманың жүзеге асырылуын Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі қадағалайды. Қаулы 2025 жылдың 2 маусымынан бастап күшіне енді.