Үкімет отырысында ЦДИАӨМ басшысы Жаслан Мәдиев шетел азаматтарының Қазақстанда болуын жеңілдетуге арналған мобильді қосымшалар туралы баяндады.
Министр мысал ретінде QazETA мобильді қосымшасын атады — бұл шетелдіктер үшін арнайы жасалған онбординг құралы, ол бірқатар қызметтерге қол жеткізуге мүмкіндік береді:
• Цифрлық мемлекеттік қызметтер – виза алу, мекенжай бойынша тіркеу және басқа да көші-қон сервистері
• Туризм – көрнекті орындар, турлар, қонақүйге бронь жасау, билет сатып алу
• Байланыс пен көлік – SIM-карта сатып алу, көлік жалдау, такси, қоғамдық көлік кестесі мен төлем
• Бизнес пен инвестициялар – Astana Hub, АХҚО және B2B қызметтері туралы ақпарат
• Қауіпсіздік – жедел байланыс, медициналық көмек