Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салық жүйесін цифрландыру аясында Салықтық әкімшілендірудің біріктірілген жүйесінің (СӘБЖ) модульдері мен қосалқы жүйелерінің кезең-кезеңімен енгізіліп жатқанын хабарлайды.
СӘБЖ жүйесіне көшу шеңберінде бақылау-касса машиналарын (БКМ) тіркеу, мәліметтерді өзгерту және есептен шығару бойынша фискалдық деректер операторларымен (ФДО) өзара іс-қимыл функциялары жаңа жүйеге ауыстырылды. Бұлфункция біріктірілген салықтық ақпараттық жүйесінен (БСАЖ) шығарылып, келесі сегіз операторға қатысты тек СӘБЖ арқылы жүзеге асырылады:
«Казахтелеком» АҚ, «Транстелеком» АҚ, «Jusan Mobile» АҚ, «Кар-Тел» ЖШС, «Kaspi Bank» АҚ, «IT ANALYTICS» ЖШС, «Smartcontract» ЖШС, «Бухта» ЖШС.
Пилоттық жоба енгізілген сәттен бастап, БКМ-ды тіркеу, өзгерістер енгізу және есептен шығару бойынша барлық әрекеттер тек СӘБЖ жүйесі арқылы жүргізіледі. Бұл ретте деректер БСАЖжүйесімен синхрондалмайды, сондықтан салық төлеушілер тарапынан назар аударуды талап етеді.
Осыған байланысты, ФДО арқылы БКМ есептен шығарылғаннан кейін, оны БСАЖ жүйесінен есептен шығару үшін салық төлеуші БКМ тіркелген жердегі мемлекеттік кірістер басқармасына (МКБ) жүгінуі қажет.
Департамент салық төлеушілерге БКМ есепке алу рәсімдеріндегі өзгерістерді дер кезінде ескеруге және қажет болған жағдайда тиісті МКБ-дантүсініктеме алуға кеңес береді.
Quien busque cómo organizar una colección de camisetas por competiciones puede reducir dudas comprobando el uso previsto entre colección, exposición y uso diario. Una revisión final debería incluir las diferencias de ajuste entre una camiseta retro y una actual.