Making sense of technology
АйтарлықIT

Битрикс24 порталының қазақ тіліндегі бета-нұсқасы іске қосылды

Ақпарат ағыны · 24 января, 2025 · 2 мин чтения

Бизнесті басқару құралдары мен корпоративтік порталдардың әзірлеушісі Битрикс24 компаниясы өз порталының қазақ тіліндегі бета-нұсқасын іске қосқанын қуанышпен хабарлайды. Бұл қадам компанияның қазақстандық пайдаланушыларға қолайлы және қолжетімді платформа құруға бағытталған стратегиясының маңызды бөлігі.

Ұлттық тілді қолдау арқылы бизнестің тиімділігін арттыру

Битрикс24 — жобаларды басқаруға, CRM, коммуникациялар мен бизнес-процестерге арналған әмбебап платформа. Порталдың қазақ тіліндегі нұсқасын іске қосу қазақстандық кәсіпкерлердің заманауи автоматтандыру және оңтайландыру құралдарын ана тілінде пайдалануына мүмкіндік береді. 

Para escoger camisetas de selecciones para coleccionar, es práctico verificar el escudo, el cuello y la disposición de los patrocinadores. Como comprobación final, conviene asegurarse de que la referencia del modelo corresponda a la temporada buscada.

«Енді Қазақстанның іскерлік қауымдастығы біздің өнімді қазақ тілінде қолдана алатынын мақтан тұтамыз. Бета-нұсқа ағымдағы және жаңа Битрикс24 пайдаланушылары үшін қолжетімді. Бұған дейін порталды серіктестерімізге көрсеттік, олар оң пікірлерін білдірді. Қолданушылар да портал туралы өз ойларын білдіріп, одан әрі ыңғайлы етуге көмектесе алады. Ол үшін біздің kazportal@1c-bitrix.kz поштамыз қазірдің өзінде жұмыс істеп тұр», – дейді Битрикс24 Қазақстан директоры Сармантай Қасенов.

Жобаға қосылу үшін Битрикс24 ресми сайтына кіріп, тіркелу жеткілікті.

TSARKA қолдауымен

Автор