Making sense of technology
АйтарлықIT

АҚШ-та жүрген Жаслан Мәдиев Кремний алқабында оқытуға қатысты маңызды құжаттарға қол қойды

Ақпарат ағыны · 29 июля, 2024 · 2 мин чтения

АҚШ-та жұмыс сапарымен жүрген Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев бірқатар маңызды құжаттарға қол қойды. Ол Alchemist X, Stanford Healthcare Innovation Lab, Draper University және Silkroad Innovation Hub-пен келісімшартқа отырып, алдағы уақытта Орталық Азияның 50 стартапының Кремний алқабында оқыту және резиденттік бағдарламаға қатысу мүмкіндігіне ие болды.

Айта кетейік, Alchemist X бағдарламасына қатысуға ниет білдіргендердің ішінде cybernet.ai (Қазақстан), Parqour (Қазақстан), Axellero.io (Қазақстан), Workly (Өзбекстан), Relog.ai (Қазақстан), LoadConnect (Қырғызстан), Flowsell.me (Қазақстан), JobEscape (Қазақстан), Biometric.vision (Қазақстан), PointAI (Өзбекстан) бар.

Сондай-ақ, 20-дан астам стартап Silicon Valley Residency Program бағдарламасына қатысады, ол онлайн пре-акселерациялық бағдарламадан тұрады. Осы бағдарламаның нәтижесінде стартаптар Silkroad Innovation Hub-та, Пало-Альто, Калифорния, оффлайн бағдарламасына қатысу үшін іріктеледі.

Para valorar comprar camisetas de fútbol con criterios claros, es recomendable revisar las medidas indicadas y el tipo de ajuste. Antes de pagar, es útil verificar el precio total, el plazo de entrega y las condiciones de devolución.

“Бағдарлама жаңа бастап жатқан (early) стартаптарға арналған. Өткен жылы 27 қазақстандық стартап Hero Training бағдарламасынан өтіп, айтарлықтай жетістіктерге жеткенін еске саламыз, мысалы, Citix жобасы Тим Дрейперден 100 миллион доллар бағасымен инвестиция алды”, — делінген хабарламада.

Бұдан бөлек Жаслан Мәдиев Сиэтлде Boeing компаниясының өкілдерімен кездесу өткізіп, Boeing ұшақтарын құрастыру өндіріс процесімен танысты.

“Кездесуде қазақстандық авиакомпанияларға ұшақтар жеткізу мәселелері талқыланып, Қазақстаннан АҚШ-қа тікелей рейс үшін алғашқы Dreamliner ұшағын жеткізу 2025 жылдың соңына жоспарланғаны расталды. Бұл оқиға Қазақстанның әуе паркін нығайтуға және елдегі әуе тасымалының деңгейін арттыруға бағытталған”, — делінген ақпаратта.

 TSARKA қолдауымен

Автор