Ұлттық Банк цифрлық теңге платформасын пайдалану бойынша пилоттық жобаның іске қосылғанын мәлімдеді. Бұл жоба қазіргі уақытта тестілеуден өтіп жатыр. Екінші кезеңнен сәтті өткен соң цифрлық теңге «Достық-Мойынты» темір жол учаскесін салуға жұмсалады.
Жоба авторларының айтуынша, цифрлық теңгеге арнайы таңба қойылады. Ал таңбалы валюта қажетті міндеттемелерді толық көлемде орындаған ұйымдарға ғана төленеді. Бұл дегеніміз — өнім берушілер және мердігерлер ЦТ арқылы есеп айырысады деген сөз. Яғни, бөлінген ақша мақсатсыз жұмсалмайды.
Пилоттық жоба «Самұрық-Қазына», «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы», «Қазпошта» және «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-мен бірлесіп іске қосылды.