Making sense of technology
АйтарлықIT

Қазақстандық стартаптар ерте бастан өтінім береді: EA Ventures 2024 жылғы инвестициялық қызметтің нәтижесін қорытындылады

Ақпарат ағыны · 23 января, 2025 · 3 мин чтения

Қазақстандық EA Group инвестициялық холдингінің венчурлық бөлімі EA Ventures өткен жылғы инвестициялық қызметінің қорытындысын жариялады. Қазақстандық жобалардың көбісі дамудың ерте кезеңдерінде өтінім жасаған.

Қор 2024 жылы сегіз мемлекеттің 102 стартапына сараптама жасады. Олардың екеуі – Hero’s Journey және PLATMA инвестиция алды. Өтінімдердің көбісі дамудың ерте басында жасалған: Pre-Seed (34,31%) және Seed (39,22%). Жалпы өтінім жасалған жобалардың 27 пайыздан астамының раундтағы бағалауы – 10 млн-нан 20 млн долларға дейін, 24,6% – 5 млн-нан 10 млн долларға дейін, 20% 20 млннан 50 млн долларға дейін болды. 

Қаралған жобалардың 62,75 пайызы технологиялар және бағдарламалық қамтамасыз ету секторын құрайды, оның ішінде жасанды интеллектіні қолданатындары да бар. Одан кейін FinTech (54,90%), E-Commerce және HealthTech (22,55%-дан) келеді. Айта кетейік, өтінім жіберген стартаптардың бір бөлігі бірнеше индустрияны қатар қамтиды.

Қабылданған өтінімдердің географиялық орналасуы бойынша – АҚШ (20,5%) және Қазақстан (17,9%) өкілдерінің айқын басымдылығы көрінеді, сонымен қатар, еуропалық стартаптардың да қызығушылығы артып отыр, нақты айтқанда Испания (10,3%) және Германияны (3,8%) айтуға болады.

«Қазақстандық жобаларға басымдық беретінімізге қарамастан біз кеңірек қарап, әлемнің барлық аймағынан келген жобаларды да қарастырамыз. Жобалар мен оларға инвестиция құюдан бас тарту себептеріне келсек, біз әлі де болса бірегей өнім ұсынатын және өз аудиториясын түсінетін технологиялық компанияларға баса назар аударамыз. Яғни, егер команда өз аудиториясын зерттемесе, оның қалауынан хабары болмаса, бұл инвестиция құюдан бас тартуға себеп болуы мүмкін», – дейді EA Group инвестициялық холдингінің СЕО Ерік Аубакиров. 

Қазақстандық стартаптар Pre-Seed (50%) және Seed (50%) кезеңдерде өтінім жасаған, дамудың соңғы кезеңдеріндегі өтінімдер болмаған. Индустрия бойынша – EA Ventures-ке өтінім жіберген қазақстандық стартаптардың арасында FinTech (21,3%), E-Commerce (14,3%) және Technology & Software (14,2%) салаларының жобалары көбірек кездеседі. Сонымен қатар аэроғарыш саласына да қатысты жобалар болған. 

Para valorar comprar camisetas de fútbol con criterios claros, es recomendable revisar la temporada, el diseño y los detalles visibles. Como comprobación final, conviene asegurarse de el precio total, el plazo de entrega y las condiciones de devolución.

Қор өкілдері жобаларды іріктеу барысында даму көрсеткіштері мен бизнес-модельдің ауқымдылығына ерекше көңіл бөлген. Инвестиция құюдан бас тартудың негізгі себептері жеткіліксіз traction (27,45%), инвестициялық мандатқа сәйкес келмеу (21,57%) және өнімнің сапасына қатысты проблема (17,65%) факторлары болды.

TSARKA қолдауымен

Автор