Цифрлық даму вице-министрі Асхат Оразбек Ресейде болуы мүмкін бұғаттаулар немесе ақаулар Қазақстандағы интернетке әсер етпейтінін мәлімдеді.
Оның айтуынша, Қазақстанның ғаламдық желіге қосылу үшін бірнеше балама бағыттары бар – Ресей, Қытай және басқа елдер арқылы. Сондықтан, егер Ресейде интернет толықтай бұғатталса да, Қазақстанда интернет қолжетімді болып қалады.
Сонымен қатар, вице-министр «Қазақтелеком» компаниясы AzerTelecom-пен бірге Транскаспий интернет-кабелін салып жатқанын еске салды. Бұл желі интернет-трафикті бағыттаудың қосымша балама жолы болады.
Жоба бойынша құрылыс жұмыстары биыл аяқталып, маршрут 2026 жылы іске қосылады.