Making sense of technology
АйтарлықIT

Қазақстанда студенттерге арналған ЖИ оқыту бағдарламасы іске қосылады

Ақпарат ағыны · 24 февраля, 2025 · 2 мин чтения

Қазақстанда студенттерге арналған жасанды интеллект бойынша оқу бағдарламасы іске қосылады

Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі 100 мың студенттің жасанды интеллект саласындағы білімін және дағдыларын дамытуға бағытталған инновациялық AI-Sana бағдарламасының іске қосылатынын жариялады. Бұл туралы министрліктің цифрландыру және мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру департаментінің директоры Нұрсұлтан Махатов Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз конференциясында айтты.

AI-Sana бағдарламасы жас таланттарды қолдауға және DeepTech саласындағы стартаптарды дамытуға бағытталған. Оның әзірленуіне жасанды интеллект саласындағы әлемнің жетекші сарапшылары қатысты.

“Бұл бағдарлама студенттер мен оқытушылардың ойлау жүйесін өзгертуді көздейді, сондай-ақ жоғары оқу орындарының білім беру үлгісінен ғылыми-зерттеу бағытына көшуіне ықпал етеді. AI-Sana болашақ даму үшін стратегиялық құралға, инновациялар мен кәсіпкерлікке серпін беретін жобаға, сондай-ақ студенттік кезден бастап стартап-ұлттың идеологиялық негізіне айналады”, – деді Нұрсұлтан Махатов.

AI-Sana бағдарламасы бірнеше кезеңнен тұрады:

 1. Базалық онлайн-курс: бастапқы нөлдік кезеңде барлық студенттерге жасанды интеллект бойынша білім алуға мүмкіндік беріледі.

 2. Іріктеу және тереңдетілген оқу: келесі кезеңде шамамен 100 мың студент жасанды интеллект бойынша тереңдетілген оқудан өтеді.

 3. Жобаларды әзірлеу және ауқымдау: перспективалы жобалар мен минималды өміршең өнімдер (MVP) жетілдіріліп, әрі қарай кеңейтіледі.

 4. Стартаптарды қолдау: соңғы кезеңде студенттік стартаптарға нарыққа шығуға қолдау көрсетіледі.

“Бұл модульдік бағдарламаның мақсаты – жасанды интеллектті әртүрлі салаларда дамытуға және Қазақстан экономикасына енгізуге қажетті мамандар мен стартаптарды жан-жақты дайындау үшін қолайлы жағдай жасау”, – деп атап өтті Камиль Акатов.

TSARKA қолдауымен

Quien busque diferencias entre camiseta versión jugador y aficionado puede reducir dudas comprobando las diferencias de corte entre versión de jugador y de aficionado. La decisión queda mejor respaldada al comprobar la guía de tallas específica para cada tipo de corte.

Автор