Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек үкімет отырысында жасанды интеллект саласында жұмыс істейтін стартаптардың жедел дамуына арналған «AI-Sana» бағдарламасын әзірлеу басталғанын жариялады.
Бағдарлама жасанды интеллектті түрлі салаларда қолдануға бағытталған инновациялық жобаларды қолдауға арналған. Стартаптар үшін зияткерлік капиталдың негізгі көзі елдің жетекші жоғары оқу орындары болмақ.
«AI-Sana» Қазақстанда жас кәсіпкерлерге озық технологияларды дамытуға қажетті білім, ресурстар және қолдау алуға мүмкіндік беретін экожүйе қалыптастыруға бағытталған.