Қазақстанда бизнесті толық сүйемелдейтін – ашылғаннан бастап жабылғанға дейін қызмет көрсететін виртуалды салықтық ассистент әзірленуде.
Вице-премьер Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен кеңесте салық және кеден әкімшілендіруін цифрландыру барысы талқыланды. Қаржы вице-министрі Әсет Төресовтің мәліметінше, Smart Data Finance, ИСНА және Keden салық жүйелерін алты мемлекеттік органның дерекқорларымен біріктіру жұмыстары жалғасуда.
Маңызды қадамдардың бірі – «e-Tamga» жүйесін іске қосу, бұл ҚҚС қайтару мерзімін 150 күннен 15 күнге дейін қысқартып, жеткізушілер мен сатып алушылар арасындағы есеп айырысуды ашық етеді.
Сондай-ақ Қаржы министрлігі мен ЦДИАӨМ салық төлеушінің жеке кабинетіндегі проактивті сервистік модельді әзірлеуде. Бұл жаңашылдық салық төлеушілерге қашықтан есеп тапсыруға, декларацияларды кеңестермен толтыруға және құжаттарды салық органдарына бармай-ақ жүктеуге мүмкіндік береді.
Al revisar camiseta de fútbol, conviene empezar por la talla, el material y el uso previsto. Las fotografías y la ficha del producto deberían confirmar las instrucciones de cuidado y cualquier límite aplicable a la personalización.
Келесі кезеңде жасанды интеллект негізінде виртуалды салықтық ассистент енгізу жоспарланып отыр. Ол бизнеске оңтайлы салық режимін таңдауға, салық төлеу мерзімдерін еске салуға және декларацияларды алдын ала толтыруға көмектеседі. Бұл салықтық әкімшілендіруді жеңілдетіп, қателіктерді азайтады. Барлық жүйелердің интеграциясын 2025 жылдың екінші тоқсанында аяқтау көзделген.