Қазақстанда жасанды интеллект технологияларын қолдануға бірқатар тыйымдар мен шектеулер енгізілді. Бұл 2025 жылғы 14 мамырда Мәжіліс бірінші оқылымда мақұлдаған «Жасанды интеллект туралы» заң жобасында көзделген.
Басты тыйымдардың бірі — қоғамдық орындарда бет-әлпетті нақты уақыт режимінде тануға арналған ЖИ технологияларын қолдануға жол бермеу. Тек заңнамамен көзделген жағдайлар ғана ерекшелік ретінде қарастырылады.
Сондай-ақ заң жобасында мынадай әрекеттерге тыйым салынады:
● ЖИ технологияларын адамның мінез-құлқына әсер етуі мүмкін жағдайларда оның саналы келісімінсіз қолдану;
● Жастық, мүгедектік, әлеуметтік жағдай секілді әлсіз тұстарын пайдалану арқылы ЖИ-ді қолдану;
● Әлеуметтік скоринг — адамдарды олардың мінез-құлқы немесе жеке сипаттамаларына қарай бағалау;
● Адамдардың эмоцияларын олардың келісімінсіз талдау;
● ЖИ арқылы заңсыз мазмұндағы контентті жасау және тарату;
● Толық автономды ЖИ жүйелерінің қызметі — мұндай алгоритмдерді Қазақстан аумағында қолдануға тыйым салынады.
Жасанды интеллект жүйелерінің барлығы тәуекел деңгейіне қарай жіктелетін болады — ең төменгіден бастап жоғары деңгейге дейін. Жоғары тәуекелге ие жүйелер аса маңызды ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым нысандарына жатқызылып, олар қолданыстағы заңнама аясында бақылауға және қосымша қорғауға ие болады.
Заң жобасын таныстырған депутат Екатерина Смышляева былай деді:
Сонымен қатар, ЖИ келтірген залал үшін жауапкершілік жүйе иесіне немесе операторының мойнына жүктеледі. Мұндай тәуекелдерді ерікті сақтандыру мүмкіндігі қарастырылуда — бұл болашақта азаматтардың құқықтарын қорғаудың қосымша тетігіне айналуы мүмкін.
La elección de comprar equipaciones de fútbol mejora al comparar la talla, el material y el uso previsto. Como comprobación final, conviene asegurarse de el precio total, el plazo de entrega y las condiciones de devolución.