Қазақстан цифрлық трансформация мен блокчейн экономикасын дамыту жолында тағы бір маңызды қадам жасады. Астанада Орталық Азиядағы алғашқы Solana Economic Zone Kazakhstan экономикалық аймағының ресми ашылуы өтті.
Solana Foundation қолдауымен ұйымдастырылған іс-шараға мемлекеттік органдардың өкілдері, халықаралық сарапшылар мен Web3 экожүйесінің жетекшілері қатысты. SEZ KZ іске қосылуы Astana International Forum 2025 қарсаңында өтіп, технологиялар, инвестициялар және мемлекеттік саясат тоғысындағы маңызды оқиғаға айналды.
Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, цифрлық экономика үшін мамандандырылған аймақтарды құру — технологиялық серпілістің тиімді құралы. Мысалы, Дубайда жұмыс істейтін Dubai Multi Commodities Centre (DMCC) Crypto Centre-де ондаған блокчейн-компаниялар орналасқан, қолайлы реттеу жүйесі жұмыс істейді, ал стартаптар инфрақұрылым мен инвестицияларға қол жеткізе алады.
Қазақстан үздік халықаралық тәжірибелерді өз стратегиялық мақсаттарына бейімдей отырып қабылдап отыр. Solana Economic Zone тәжірибе алмасу, шешімдерді сынақтан өткізу және қазақстандық компаниялардың жаһандық нарықтарға шығуы үшін платформаға айналады.
Жаслан Мадиевтің айтуынша, Solana Economic Zone іске қосылуы Қазақстанның заманауи цифрлық технологияларды экономикаға интеграциялауға дайын екенін көрсетеді:
Іс-шара барысында энергетика, қаржы, агротехнология, геймдев және сауда сияқты салаларда жұмыс істейтін халықаралық стартаптардың блокчейн негізіндегі шешімдері ұсынылды. Сондай-ақ құнды қағаздар, алтын, жылжымайтын мүлік және басқа активтерді токенизациялау мүмкіндіктері талқыланды.
Кездесу нәтижесінде келесі бағыттарды қамтитын стратегиялық меморандумға қол қойылды: