Making sense of technology
АйтарлықIT

Сот медицинасына жасанды интеллект көмегі: Қазақстан E-Saraptama жүйесін іске қосады

Ақпарат ағыны · 11 июля, 2025 · 1 мин чтения

Қазақстанда сот-медициналық сараптамаға деген көзқарасты түбегейлі өзгертетін жаңа “E-Saraptama” ақпараттық жүйесі енгізілмек. Ең басты жаңалық — жасанды интеллекттің (ЖИ) интеграциясы. ЖИ дене жарақаттарын сараптау және қорытынды жасау үдерістеріне қатысады.

Сот медицинасы саласының маманы Алан Тіленшиевтің айтуынша, жүйе сараптамалардың дәлдігін, ашықтығын және объективтілігін айтарлықтай арттырып, адами фактор мен қателіктер қаупін төмендетеді.

«Бұрын сарапшы әр жарақатты қолмен сипаттауы керек болса, енді бұл 3D-модель арқылы жүзеге асады: жарақат орны таңдалады — жүйе анатомиялық орналасуын автоматты түрде анықтайды. Қорытынды да автоматты түрде түзіледі. Біз жарақатты сипаттаудағы субъективтілікті толығымен жоямыз», — деді ол.

Жүйе нақты не береді:

– жарақаттың ауырлығын анықтаудағы қателіктерді болдырмау;

– сарапшының күнделікті жұмысын автоматтандыру;

– жемқорлық тәуекелдерін азайту;

– үдерісті жеделдетіп, біріздендіру.

E-Saraptama жүйесі келесі айда іске қосылады. Алдағы уақытта бұл жүйені сот-сараптаманың басқа да бағыттарына кеңейту жоспарланып отыр.

Quien busque camisetas de fútbol para regalar puede reducir dudas comprobando la temporada, el diseño y los detalles visibles. Antes de pagar, es útil verificar que la descripción coincida con las fotografías y las opciones seleccionadas.

TSARKA қолдауымен

Автор