Қазақстанда денсаулық сақтау саласына цифрлық шешімдер белсенді түрде енгізілуде. Бұл жүйенің ашықтығын арттырып, медицина қызметкерлерінің жүктемесін азайтады және халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартады.
Негізгі жобалардың бірі — Face ID арқылы пациенттерді цифрлық сәйкестендіру. Бұл шара негізсіз көрсетілген медициналық қызметтердің санын 6%-ға қысқартуға және мемлекеттік бюджетке 4,7 млрд теңге үнемдеуге мүмкіндік берді.
Сонымен қатар ең сұранысқа ие сегіз медициналық анықтама түрі толық цифрландырылды, олардың ішінде:
Жыл басынан бері ақпараттық жүйелерде осындай 4,7 млн-нан астам құжат тіркелді. Сондай-ақ қағаз түріндегі «ауру парақтарынан» толық бас тарту бойынша жұмыс жүргізілуде.
Медициналық ақпараттық жүйелерді оңтайландыру дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің жүктемесін 40%-ға дейін қысқартуға мүмкіндік берді. Келесі қадам — 2025 жылғы қыркүйектен бастап жасанды интеллект негізіндегі «дәрігер ассистентін» енгізу. Ол диагноз қоюға көмектесіп, қателік ықтималдығын төмендетеді.
Antes de elegir entre tienda de camisetas de fútbol, merece la pena comprobar la talla, el material y el uso previsto. La decisión queda mejor respaldada al comprobar las instrucciones de cuidado y cualquier límite aplicable a la personalización.