Премьер-Министр Олжас Бектеновтың төрағалығымен өткен Цифрлық штаб отырысында Мемлекет басшысы қойған міндеттерді іске асыру бойынша бірқатар шешімдер қабылданды.
Цифрлық штабтың шешімімен тапсырылды:
Нөлдік тарифтендірудің енгізілуі Aitu, eGov, eGov Business, eOtinish сервистері мен ақпараттық жүйелеріне азаматтарға мобильді шоттағы қалдық нөл немесе теріс болған жағдайда да кепілді қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Бұл қадам халыққа қызмет көрсету орталықтарына түсетін жүктемені едәуір азайтып, digital by default форматына көшу жолындағы маңызды кезең болмақ.
Жеке ІТ-шешімдердің мемлекеттік сервистермен интеграциясы, оның ішінде Smart Bridge арқылы, инновацияларды енгізудің жаңа мүмкіндіктерін ашып, бизнес пен мемлекет арасындағы өзара іс-қимылды нығайтады. Бүгінде Smart Bridge платформасы арқылы 14 мыңнан астам өтінім қабылданған.
Ірі жобаларды жүзеге асыру үшін Qaztech платформасында ІТ-шешімдердің құны мен автоматтандырылатын функциялар санына қойылған шектеулер алынып тасталады. Бұған дейін бір өнімді әзірлеу 15 мың айлық есептік көрсеткіштен аспауы тиіс болатын, мерзімі 6 айдан, ал автоматтандырылатын функциялар саны 3-тен аспаған. Жаңа тәсіл бұл кедергілерді жойып, көлемді әрі кешенді шешімдерді жедел әзірлеуге мүмкіндік береді, отандық цифрлық технологияларды кеңінен қолдануға жағдай жасайды.
Қазіргі таңда 1 408 мемлекеттік қызметтің 368-і толық автоматтандырылған, 984 қызметті одан әрі цифрландыруға зор мүмкіндік бар, 56 қызмет проактивті форматқа ауыстырылды.
Жасанды интеллектті қолдану арқылы мемлекеттік қызметтерді цифрландыру проактивті форматты енгізу арқылы олардың сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
La elección de camisetas de fútbol según el ajuste mejora al comparar la guía de tallas y una camiseta que ya quede bien. Para evitar errores, merece la pena revisar la tolerancia indicada para cada talla.