Making sense of technology
АйтарлықIT

Қазақстанда білім алушылардың цифрлық профильдері жасалады

Ақпарат ағыны · 1 октября, 2025 · 1 мин чтения

Президент оқушылардың цифрлық профилін құруды ұсынды

«Олар академиялық үлгерімді, мықты жақтар мен жетістіктерді тіркеп, университеттік бағдарламаларды оңтайландыруға және оқу уақытын қысқартуға көмектеседі. Бұдан бөлек, цифрлық профиль негізінде ЖИ кәсіби бағдар беру жүйесін құра алады. Оқушыларға олардың қабілеті мен әлеуетіне сәйкес оқу траекторияларын, факультативтік курстар мен жобаларды ұсыну қажет.

Бұл болашақ инженерлерді, зерттеушілерді, дәрігерлерді, мұғалімдер мен кәсіпкерлерді алдын ала анықтауға көмектеседі, әркімге өз әлеуетін жүзеге асырып, өмірде лайықты орнын табуға мүмкіндік береді. Үкіметке Жасанды интеллекттің жаңа Университетімен интеграцияланған оқушылардың цифрлық профилінің ұлттық жүйесін құруды тапсырамын», – деді Мемлекет басшысы. 

TSARKA қолдауымен

Автор