Making sense of technology
head hunter

Тәжірибе, әлде диплом: skill-based іріктеу дәуірінде жұмыс берушілер үміткерлерді қалай таңдайды

Ақпарат ағыны · 14 октября, 2025 · 4 мин чтения

Бүгінгі еңбек нарығы үміткерлерді тек диплом бойынша емес, нақты дағдылары мен нәтижелері арқылы бағалайды. Ресми білім маңызды болғанымен, шешуші рөлді практикалық тәжірибе атқарады. Қазақстандық жұмыс берушілердің skill-based тәсілге қаншалықты бейімделгенін анықтау үшін hh.kz платформасы түрлі салалардан 150-ден астам компания өкілдері арасында сауалнама жүргізді.

Үміткердің тәжірибесі мен дағдылары оның академиялық біліміне қарағанда маңызды бола ала ма?

(бірнеше жауап)

• Барлығы лауазымға байланысты — 54%

• Тәжірибе әрдайым формалды білімнен маңызды — 47%

• Тек техникалық немесе креативті мамандықтарда ғана — 14%

• Диплом әлі де негізгі критерий болып қала береді — 4%

Қорытынды:Жұмыс берушілердің басым бөлігі (54%) үшін басымдық лауазымға байланысты: кей жағдайда тәжірибе, кей жағдайда теория маңызды. Тағы 47% тәжірибе формалды білімнен маңыздырақ деп санайды. Бар болғаны 14% мұны тек техникалық және шығармашылық салаларға тән деп есептейді, ал 4% әлі де дипломды үміткерді бағалаудың басты негізі деп көреді.

Дипломы жоқ, бірақ курстан өткен мамандарға жұмыс берушілер қалай қарайды?

(бірнеше жауап)

• Егер курс беделді болса, жұмысқа алу үшін жеткілікті — 34%

• Бастапқы деңгейдегі лауазымдарға жарамды нұсқа — 31%

• Курстар дипломды толықтыра алады, бірақ алмастыра алмайды — 29%

• Мұны жоғары білімге тең деп санаймын — 21%

• Тек IT және digital салаларына жарамды — 21%

• Дипломсыз үміткерлерді қарастырмаймын — 2%

Қорытынды:Альтернативті білім беруге көзқарас барған сайын оң бағытта дамуда: жұмыс берушілердің 34%-ы танылған курстардан өткен үміткерлерді жұмысқа алуға дайын. 31% мұны бастапқы позициялар үшін жақсы мүмкіндік деп есептейді. 29% курстарды қосымша білім ретінде көреді, бірақ дипломның орнын баса алмайды деп санайды. Тек 2% ғана дипломды міндетті талап ретінде қалдырған.

Компаниялар үміткердің дағдыларын қалай бағалайды?

(бірнеше жауап)

• Басшымен әңгімелесу — 69%

• Нақты жұмыс жағдайына арналған кейс — 46%

• Тестілік тапсырма — 36%

• Дағдыларды тек түйіндеме бойынша бағалау — 9%

• Автоматтандырылған құралдар — 4%

• Басқа — 1%

Қорытынды:69% жұмыс беруші дағдыларды тікелей басшымен әңгімелесу арқылы тексереді. 46% нақты кейстерді қолданады, ал 36% тестілік тапсырмалар береді. 9% үміткерді тек түйіндеме бойынша бағаласа, заманауи автоматтандырылған құралдарды бар болғаны 4% пайдаланады.

Болашақта дипломның маңызы төмендей ме?

(бірнеше жауап)

• Ішінара, тек кей мамандықтарда — 62%

• Барлығы компания мен оның мәдениетіне байланысты — 32%

• Иә, нарық skill-based бағалау бағытына бет алды — 23%

• Диплом маңызды сүзгі ретінде қалады — 19%

• Білімнің рөлі қазірдің өзінде азайған — 5%

• Жауап беруге қиналамын — 3%

Қорытынды:62% жұмыс беруші дипломның рөлі тек кей салаларда төмендейді деп санайды. 32% бұл факторды компания мәдениетіне байланыстырады. 23% еңбек нарығы біртіндеп skill-based тәсілге көшіп жатқанын айтады, ал 19% дипломды әлі де негізгі сүзгі деп қабылдайды.

Жұмыс берушілер кімге басымдық береді: тәжірибесі бар үміткерге ме, әлде дипломы бар маманға ма?

• Мотивация мен әлеует бірдей болса, екеуін де қарастырамын — 38%

• Нақты нәтижесі бар үміткерді таңдаймын — 36%

• Әр жағдайды жеке бағалаймын — 18%

• Курстар мен кейстерге сүйенген үміткерді — 5%

• Теориялық база қажет болса, дипломы бар үміткерді — 3%

Қорытынды:Жұмыс берушілердің 38%-ы мотивациясы тең үміткерлердің екеуін де қарастырады, ал 36% нақты нәтижелерге сүйенеді. Бар болғаны 3% ғана дипломды шешуші фактор деп санайды. Бұл тәжірибенің құндылығы өсіп, іріктеу тәсілі барған сайын жеке сипат алатынын көрсетеді.

Жалпы қорытынды

hh.kz сауалнамасы көрсеткендей, қазақстандық жұмыс берушілер skill-based тәсілге сенімді қадаммен бет алды. 54% үшін үміткерді таңдау нақты лауазымға байланысты, ал 47% тәжірибені формалды білімнен жоғары қояды (сауалнамада бірнеше жауап нұсқасына рұқсат берілді). 69% компания үміткердің дағдыларын практикалық сұхбаттар мен нақты кейстер арқылы бағалайды. 62% диплом тек кей салаларда маңызды болып қалады деп есептейді, бірақ жалпы тренд айқын — басты назар тәжірибеге, бейімделгіштікке және нақты нәтижелерге ауысуда.

TSARKA қолдауымен

Автор