АйтарлықITфильмы
Алматыда қатарынан екінші жыл Alternativa негізін қалағанinDrive компаниясының қолдауымен Alternativa Film Days өтпек: жоба орбитасындағы ең жарқын фильмдер көрсетіліп, солардың төңірегінде импакт-пікір таластар өрбиді. Бұл маусымның бағдарламасына Азия мен Латын Америкасынан шыққан 27 фильм — Джокьякартада (Индонезия) өткен Alternativa Film Festival 2024 фильмдері, Alternativa Film Labs кино лабораторияларына қатысушылардың туындылары мен Alternativa халықаралық серіктестерінің фильмдері қосылды. Alternativa Film Days киноны өнер ғана демей, дүниені өзгертіп, жақсарту амалыдеп те танитын авторлар мен көрермендердің басын қосып келеді. Фильмдерді көріп, олардың өзегі болған тақырыптарды талқылау — мәселенің өзін түйсінуден оның шешімін табар әрекетке бастар үлкен жолдағы алғашқы қадам. Alternativa Film Days 2025 сеанстары 14–21 тамызаралығында екі алаңда — АRТиШОК театры мен Almaty Creative Hub сахнасында өтпек. Бағдарлама сеанстарының бәріне кіру тегін, тек тіркелу керек. Alternativa басшысы Лиза Сурганова Alternativa Film Daysжайында былай дейді: «Alternativa жобасы ОрталықАзияда, Қазақстанда басталған. Қазір әлемнің өзге бөліктеріне қанат жайып келе жатқанымыз бен, командамыз осы аймақта әрі осы елде қарқынды жұмыс істеп жатыр. Соның бір жарқын үлгісі — биыл Алматыға ауқымы кеңейіп, қауаттырақ, сан қырлы болып оралған Alternativa Film Days. Бұл жолы біз көрсететін фильмдер титр шыққанда бітіп қалмай, қоғамдағы диалогқа, нақты өзгерістерге ұлассын деп отырмыз».…
23 июля, 2025
·
13 мин чтения