TikTokАйтарлықITнаурыз
• TikTok #Наурыз2025 үшінші жыл сайынғы мерекеліконлайн-фестивальдің қорытындысын шығарды. Платформаның қолданушылары бұл бастаманы зор құлшыныспен қолдады: жоба өткен екі аптаның ішінде қазақстандықтар Наурыз мерекесіне қалай дайындалып, қалай атап өтетіні туралы 25 мыңнанастам видео жариялаған. Фестиваль өткізіліп кележатқан үш жыл ішінде қолданушылар Наурыз мерекесі туралы жалпы саны 180 мыңға жуық видео түсірген. • Биылғы онлайн-фестиваль серіктестер саны жөнінен де рекорд орнатты. Олар: ҚР Мәдениетжәне ақпарат министрлігі, ҚР Ғылым және жоғарыбілім министрлігі, ҚР Туризм және спорт министрлігі, «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы, Visit Shymkent, Алматы туризм бюросы және «Astana Tourism» туризмді дамыту орталығы. • Онлайн-фестивальге сондай-ақ Қазақстанныңтүкпір-түкпірінен 24 жоғары оқу орны қатысты. Қысқа видеолар жасауға арналған TikTok бірегей платформасы бірнеше жылдан бері Қазақстанның бай мәдени мұрасын қолдауға және насихаттауға бағытталған түрлі бастамаларды жүзеге асырып, қазақстандықтардың ұлттық салт-дәстүр көркемдігін бүкіл әлемге паш етуіне мүмкіндік беріп келеді. Осындай бастамалардың бірі, TikTok-та үшінші жылқатарынан өтіп жатқан – Наурыз мерекесіне арналған онлайн-фестиваль. Платформаның Қазақстандағымыңдаған қолданушылары көктемнің ең жарқын мерекесін жұмыла атап өттіі. #Наурыз2025 TikTok-та Биылғы онлайн-фестивалді TikTok қолданушыларықызу қолдады: небәрі екі апта ішінде олар#Наурыз2025 хэштегімен 25 мыңнан астам видео жариялады. Платформа қолданушылары Наурыз мерекесі туралы жан-жақты баяндады: мерекедегі дәстүрлер мен оның шығу тарихы, ұлттық тағамдар әзірлеу әдісін бөлісіп, ән әуелеп, би шалықтаған мерекелік шаралардан репортаж түсіріп — төл…
21 апреля, 2025
·
12 мин чтения