Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы мемлекеттік және үкіметтік ақпараттық жүйелердің басым бөлігін қамтамасыз ететін технологиялардың тиімсіздігін мойындады. Бұл туралы мемлекеттік аудиттің цифрлық даму мәселелеріне арналған қорытындысын шығару барысында ЖАП төрағасы Әлихан Смайылов мәлімдеді.
Смайыловтың айтуынша, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ның қарамағындағы ақпараттық жүйелердің шамамен 85%-ы ескірген және көлемді технологиялық шешімдерге негізделген.