Қытайдың Alibaba International Digital Commerce Group компаниясы шартты негізде ҚҚС төлеуші ретінде Қазақстанда ресми тіркелді. Бұл шешім компания өкілдері мен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (МКК) арасындағы кездесудің нәтижесінде қабылданды.
МКК хабарлауынша, кездесу барысында заңнамадағы соңғы өзгерістер мен электрондық коммерция саласындағы салықтық әкімшілендіру ерекшеліктері талқыланды.
Alibaba International Digital Commerce Group – Alibaba Group корпорациясының бір бөлігі. Оның құрамына танымал платформалар кіреді, соның ішінде AliExpress маркетплейсі және Оңтүстік-Шығыс Азияға бағытталған Lazada онлайн-ритейлері.
МКК халықаралық компаниялармен ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті. Бұл Қазақстанда электрондық коммерцияны ілгерілетуге және салықтық әкімшілендірудің ашықтығын арттыруға ықпал етеді.
Аталған оқиға Қазақстанның халықаралық электрондық коммерция экожүйесіне интеграциялануындағы маңызды қадам болды.
Quien busque comprar camisetas de fútbol retro puede reducir dudas comprobando el tipo de tejido y el corte propio de la época. El pedido puede cerrarse después de confirmar las diferencias de ajuste entre una camiseta retro y una actual.