Қазақстандық делегацияның Қытайға жасаған жұмыссапары аясында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Шэньчжэнь қаласындағы Huawei компаниясының штаб-пәтеріне барды.
Кездесу барысында қазақстандық делегация Huawei компаниясының мемлекеттік қызметтер, көлік, мұнай-газ өнеркәсібі, энергетика, кен өндіру саласы, қаржы, өндірісжәне цифрлық энергетика сияқты түрлі салаларға арналған инновациялық шешімдерімен танысты.
Сапардың маңызды бөлігі Роман Склярдың Huawei Technologies вице-президенті Ли Цзюньфэнмен, Huawei Kazakhstan бас директоры Сун Ясюймен және Huawei Technologies Kazakhstan бас директорының орынбасары Сью Хаймен кездесуі болды. Келіссөздер барысында Huawei компаниясының Қазақстанда заманауи цифрлық шешімдерді енгізу және екіжақты ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі ұсыныстары жан-жақты талқыланды.
La elección de diferencias entre camiseta versión jugador y aficionado mejora al comparar las diferencias de corte entre versión de jugador y de aficionado. También ayuda revisar si el precio corresponde a la versión seleccionada antes de completar el pedido.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар жоғары технологиялар саласындағы стратегиялық әріптестіктідамытуға өзара мүдделілік білдірді.