Халықаралық стримингтік сервис MEGOGO 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығына қорытынды жасап, қазақстандықтар ең көп таңдаған контенттің тізімін жариялады. Нәтижелерге сүйенсек, көрермендер әлі де болса экшн, шытырман оқиғалар мен уақыт сынынан өткен классиканы жоғары бағалайды.
Алты ай ішінде көрермендер экран алдында мыңдаған сағат өткізіп, Голливудтың жарқын хиттерінен бастап бүкіл отбасыға арналған анимациялық блокбастерлерге дейінгі түрлі жанрдағы фильмдерді таңдады.
Фильмдердің ТОП-10 тізімі көру ұзақтығы бойынша жасалған.
ТОП-10 фильм: драйв пен сүйікті франшизалар көш басында

Қазақстандық көрермендер дәстүрлі түрде динамикасы жоғары фильмдерді таңдайды. Көш басында — заманауи боевиктер, фантастикалық жанрлар мен культтік франшизалар. Джейсон Стэйтем түскен «Пчеловод»фильмі үлкен қызығушылық тудырды. Сонымен қатар, Гарри Поттер әлемінің барлық бөлімдері, Жаңа жыл қарсаңында көрілетін классикаға айналған «Үйде жалғыз қалғанда» және Marvel суперқаһармандарына арналған блокбастерлер ТОП-қа енді. Отандық «Брат или брак 3» комедиясы да үздіктер қатарынан көрінді.
ТОП-10:

ТОП-10 сериал: классика, зомбилер және тақ үшін күрес
Сериалдар рейтингінде «Тақтар ойыны» (Game of Thrones) сөзсіз көш бастады. Одан кейінгі орындарда — «Одни из нас» және «Айдаһар үйі» (House of the Dragon). Сонымен қатар, көрермендер «Пуаро» мен «Сопрано» сияқты культтік классикаларды тамашалаудан да бас тартпаған. Ал корейлік «Шынайы сұлулық» дорамасы K-драмалардың танымалдығын тағы бір мәрте дәлелдеді.
ТОП-10 сериал:
ТОП-10 мультфильм: Disney сиқыры және отбасылық шытырман оқиғалар

Отбасымен көруге арналған контент арасында қазақстандықтар Disney мен Pixar студияларының классикасына жиі жүгінген. «Моана», «Зоотопия» және «Мұзды өлке 2» балалар мен ересектердің сүйікті туындылары ретінде өз танымалдығын сақтап келеді. Сонымен қатар, «Құбыжықтар корпорациясы», «Ойыншықтар хикаясы» және жаңа буынға арналған Hot Wheels: Шытырман оқиғаның бастауы да ТОП-қа енді.
ТОП-10 мультфильм:
ТОП-10 қазақстандық фильм: комедия, драма және тарих

Қазақстандық көрермендер отандық киноны белсенді қолдап келеді. 2025 жылдың алғашқы жартысында MEGOGO-да ең көп қаралған фильмдер қатарында халық сүйіп көретін комедиялар, қылмыстық драмалармен тарихи эпос бар.«Брат или брак 3» комедиясы өз позициясын бермей, көш басында тұр. Бұл рейтинг отандық кинематографияның жанрлық әртүрлілігін көрсетіп қана қоймай, жергілікті көрерменнің талғамы да айқын екенін дәлелдейді.
Оқырмандар үшін MEGOGO жазылымын 1 айға тегін сыйлаймыз!
Ол үшін MEGOGO30 промокодын қолданыңыз. Осы топтағы фильмдерді тамашалауға немесе көптен бері көргіңіз келіп жүрген киноларды ашуға тамаша мүмкіндік.
Промокод тамыз айының соңына дейін жарамды.
Al considerar camisetas de fútbol, la decisión resulta más sencilla cuando se confirma la comodidad, el tejido y la frecuencia de uso. También ayuda revisar las instrucciones de cuidado y cualquier límite aplicable a la personalización antes de completar el pedido.
MEGOGO — халықаралық стриминг-сервис, мұнда фильмдер, сериалдар, телехабарлар мен спорт трансляциялары қолжетімді. Сервис Қазақстандағы контент кітапханасын белсенді түрде дамытып, қазақ тілінде дубляж ұсынып, жергілікті мәдени жобаларды қолдайды